Түркістан облысында жасөспірімдер пышақтасты: бір бала жансақтау бөлімінде жатыр

Primary tabs

Jun 24, 2020 / 0 comments

Түркістан облысында жасөспірімдер пышақтасқан. Салдарынан бір бала жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады Tengrinews.kz. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілердің айтуына қарағанда, жарақат алған бала жеткізілген ауруханадан хабарлама түскен. «Тергеушілер Кентауға қарасты ауылдардың бірінде 22 маусымда екі жасөспірімнің арасында төбелес болғанын анықтады. Сол кезде біреуі пышақпен жарақаттаған. Салдарынан кәмелет жасына толмаған бала аудандық ауруханаға жеткізілген. Бұдан басқа төбелескен балалар болған жағдайды жасыруға тырысқан», - деп хабарлады баспасөз қызметі. Қазір аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 24-99-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Дереккөз:https://24.kz/kz/