Украинадағы шайқаста 15 бала қаза тапты
Primary tabs
Украинадағы шайқаста 15 бала қаза тапты деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Украинадағы әскери операция «шабуыл» деп аталды. Бұл әлемдік тарихтың жаңа және қауіпті тарауын ашты.
Украина осы аптада БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің төтенше арнайы сессиясын өткізуді сұрады. Кеңес мүшелерінің көпшілігі отырысты өткізу үшін дауыс берді, деп хабарлайды БҰҰ баспасөз қызметі.
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет 227 бейбіт тұрғынның өлімін тіркеп, растағанын айтты, оның 15-і балалар. Кем дегенде 525 адам зардап шекті, оның 28-і балалар. Қаза тапқандар мен жараланғандардың көпшілігі Донецк және Луганск облыстарында.