Шамалғанда газ бағасы неге қымбат? «Сигма» ЖШС директоры А.Чешкомен сұхбат

Primary tabs

Feb 04, 2019 / 0 comments

Басқа аудан, округтерге қарағанда Шамалғандағы көгілдір отын бағасы неге ерекше қымбат?

Газ тарифының қымбаттығына, қаңтар айының 17-де, Шамалған ауылында өткен аудан әкімінің есепті кездесуінде наразылық білдірген. Елбасының туған ауылын мекендейтін тұрғындар, жиын барысында атқарылып жатқан игі істерге алғыстарын айта келе, осындай бірқатар мәселелерді де алға тартқан.

Бұл сұраққа аталған аумаққа қызмет көрсететін «Сигма» ЖШС-нің басшысы Александр Николаевич Чешко Каскеленкз-ке арнайы сұхбат беру арқылы өзі жауап қайтарды. Округте өткен алқалы жиынға денсаулығының сыр беруіне байланысты тікелей өзі қатыса алмаған азамат біздің арнамыз арқылы халыққа жағдайды түсіндіріп беруді жөн деп тапты. Округ халқының жан айқайына бей жай қарай алмаған Шамалған ауылының әкімі Ержас Тоқтасынов та бұл сұхбатқа бізбен бірге әдейілеп келген еді. Ол да бірнеше күн бұрын шеткері аумақтарда қоныстанған тұрғындармен арнайы барып тілдесіп қайтқан көрінеді. Көпшілік тарапынан айтылғандарды ауыл әкімі де алға тартып, өз сауалдарын жолдады. Яғни, сұхбат барысынан түсінгеніміз, магистральді құбырларды тартуға, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қаражат бөлінбегендіктен, компания бұл жұмыстың барлығын өздері жасап, ақшасын тұрғындардан өндіруге мәжбүр. Сол себепті, үйге газ кіргізу қымбатқа түсуде. Бұл ретте, тұрғындардың да ауызбіршілігі маңызды екенін ұмытпаған абзал. Себебі, негізгі құбырды газ жүргізілетін аумаққа бірлесе тарту арқылы біраз үнемдеуге болатынын да ескерген жөн. Ал, тариф мәселесіне келсек, оған қатысты шешімдердің барлығы монополияға қарсы комитетпен келісіле отырып қабылданатын көрінеді.