Шамалғанда орын алған жол-көлік оқиғасы кезінде "жедел жәрдем" неге жедел келмеген?

Primary tabs

Jan 13, 2020 / 0 comments

2020 жылдың    9 қаңтарында Қарасай ауданы Шамалған ауылында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Kaskelenkz. 

Оқиға орнында 3 жеңіл автокөлік пен 1 «Газель» соқтығысқан.  Тұрғындардың  айтуынша, шақырылған «жедел жәрдем» тек бір сағаттан соң келген.  Көлік апатында зардап шеккен бір адам бір сағатқа жуық суық жерде жатып қалған. 


Ал Алматы облыстық  Денсаулық сақтау басқармасы берген ресми мәліметте  «жедел жәрдем» 22 минутта оқиға орына жеткендігі айтылған: 

« 13 қаңтар 2020 жылы Қарасай ауданы Шемолған ауылынан жедел жәрдем станциясына қоңырау түскен жоқ. Бұл жол көлік апаты 9 қаңтар 2020 жылы орын алған. Жедел жәрдем станциясына  жол көлік апаты туралы  қоңырау түскеннен кейін жедел жәрдем көлігі 22 минутта оқиға орнына жеткен. Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шеккен. Қосымша көмекке шақырылған екінші жедел жәрдем көлігі 13 минутта келген. Барлық зардап шеккендер Қарасай аудандық ауруханасына жеткізілді».

https://www.instagram.com/p/B7Pov7uDcXm/