Қазақстанда коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 40 есе өсті
Primary tabs
30 маусымдағы жағдай бойынша коронавирусинфекциясының белгілері бар пневмония туралы ақпаратты coronavirus2020.kz сайты назарға ұсынды.
Coronavirus2020.kz сайтының ақпаратына сәйкес, 28 маусым күні КВИ белгілері бар пневмонияның 83 жағдайы тіркелген. 17 адам аталған дерттен емделіп шыққан.
1 тамыздан бастап ауырғандардың саны 57025 адамды құрап, 987 өлім жағдайы тіркелген. Ал жазылып шыққандардың саны 52283 жетті.
Айта кетсек, 27 маусым күні коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмониямен ауырудың тек екі жағдайы тіркелгені хабарланған болатын. Осылайша, дертті жұқтыру көрсеткіші 40 есе артқанын аңдауға болады.
Еске сала кетейік, өткен тәулікте елімізде 2016 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болатын. Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 423 137-ге жетті. Одан бөлек, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтар бір-біріне таратып жатқан локдаун туралы ақпаратқа пікір білдірген еді.
"Бұл жалған ақпарат. Бүгінгі таңда кейбір аймақтарда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. Олар сауда орталықтарының, дәмханалардың, барлардың жұмыс уақытын қысқартуға, қоғамдық көліктердің дезинфекциялау уақытын ұлғайтуға және т.б. қатысты. Ел аумағында локдаун енгізілмейді. Қалалар арасындағы ұшулар мен жерүсті қалааралық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Блок-бекеттер қойылмаған", – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.