Қазақстан тумасы Мемлекеттік Дума сайлауында партияны басқармақ

Primary tabs

Jul 03, 2021 / 0 comments

Алматы облысының тумасы, әнші Виктория Дайнеко Ресей Мемлекеттік Думасына сайлауда "Жасыл альтернатива" партиясының федералды тізімін басқарады.

Бұл орында ол Слава КПСС және Гнойный лақап атымен танымал рэпер Вячеслав Машновты алмастырады. Бұл туралы РИА Новости-ге партияның баспасөз қызметі хабарлады. Өткен айдың басында Машнов Мемлекеттік Думаға "Зеленая альтернатива" партиясынан ұсынылатынын мәлімдеген еді, бірақ келіссөздер нәтижесіз аяқталды.

Ақыр аяғында өнердегі азаматтың орнына тізімдегі бірінші нөмір ретінде Виктория Дайнеконы жіберу туралы шешім қабылданды. Виктория Дайнеко – ресейлік әнші және актриса, Жұлдыздар фабрикасының екі маусымының жеңімпазы. Ол Қазақ КСР Талды-Қорған облысының тумасы (қазіргі Алматы облысының аумағы).