"Қалаулым" мен "Қосылайық" жабыла ма - министрлік жауабы

Primary tabs

May 27, 2021 / 0 comments

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Қалаулым" мен "Қосылайық" бағдарламасын жабуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

"Енді, бұл айта-айта жауыр болған мәселе ғой. Десе де, ақпарат министрлігінің кез келген бағдарламаны ұнамаса, жауып тастауға құзіреті жоқ. Заң бар. Ал сіз айтып отырған бағдарламалардың барлығы жекеменшік бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетіледі. Бірақ қоғамнан наразылық болғаннан кейін біз олармен сөйлесіп, нақты өз ұсыныстарымызды бердік. Жалпы, мұндай бағдарламалар рейтингке байланысты шығады. Енді, қоғамның бір бөлігі наразылық білдірсе, екінші бөлігі соны өліп-тіріліп қарайды", – деді Балаева.

Осы орайда министр "Астарлы ақиқат" пен "Қалаулым" сияқты бағдарламалардың рейтингте көш бастап тұрғанын да жеткізді.