Қарасайда жаңа мектептер қайда салынады?

Primary tabs

Jan 31, 2020 / 0 comments

Биылғы оқу жылында ауданымызда 11 үшауысымды мектеп жұмыс істеуде, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Жалпы, білім саласы бойынша ауданымызда орта білім беретін 55 мектеп бар. 2019 -2020 оқу жылында 62 299 оқушы білім алуда. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда 5 164 оқушыға өскен. Білім сапасы 2018 жылмен салыстырғанда 8,3 %-ға өсіп 63,7% жетті (2018 ж. – 55,4%). Бұл туралы аудан әкімі Жандарбек Далабаев тұрғындар алдындағы есеп беру-кездесу жиындарында айтты.

Үш ауысымды оқуды жою мақсатында 3 мектептің жапсаржай құрылысы аяқталып қ о л д а н ы с қ а б е р і л д і . Атап айтсақ, былтыр Керімбеков, Мәметова орта мектептеріне 300 орындық жап-саржай, Абай ауылындағы орта мектепке 600 орындық жапсар-жай салынды. Б ү г і н г і  к ү н і  Ш а м а л ғ а н бекетіндегі Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 600 о р ы н д ы қ  ж а п с а р ж а й ы н ы ң құрылысы жүріп жатыр.

Сонымен қатар, 5 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы дайын болып, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтуде. Олар: Үштерек ауылындағы 600 орындық, Батан ауылындағы 450 орындық, Шамалған б е к е т і , І р г е л і , А л м а л ы б а қ ауылдарындағы мектептерге 600 орындық жапсаржай құрылыстары. Ал, қалған 2 мектептің жобалау-сметалық қ ұ ж а т т а м а с ы  ә з і р л е н у д е .

Сондай-ақ, Жармұхамбет және Бұлақты ауылдарына 600 орындық жаңа мектеп құрылысы жүруде. Ал, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған Әйтей ауылындағы 1 2 0 0 о р ы н д ық м е к т е п қолданысқа дайын. 2020 жылдың наурыз айында берілмек. Ал, ауданағы барлық балабақша саны – 118. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылу деңгейі – 98,5%.