Қарасайлық жастар құқықбұзушылыққа қарсы
Primary tabs
Құқықбұзушылықты тамырымен жою үшін немесе саналы әрі әділетті қоғам құру үшін маңызды тәрбиелік жұмыстарды мектеп қабырғасынан бастап, жастар арасында дамыта түскен абзал. Әсіресе, биылғы Жастар жылында бұл мәселеге көп көңіл бөлініп жатыр.
Қаскелең Гуманитарлы-Техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Светлана Абдуллаеваның ұйымдастыруымен «Қарасай ауданында орналасқан колледж студенттері арасында құқықбұзушылықты алдын алу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға студенттер мен мұғалімдерден бөлек аудандық ішкі істер басқармасының жергілікті қызметінің ювеналды тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Альфия Шайх, полиция аға лейтенанты Маржан Даркенбаева, «Родители за мир без наркотиков» қоғамдық қорының спикері Рашид Кабжанов, аудандық Жастар саясаты ресурстық орталығының төрайымы Аида Ақшалова, Kaskelenkz медиа-жобасының PR менеджері Қуаныш Шаханов қатысты.
Өз кезегінде Альфия Ринатқызы жиалғандарға ауданымыздағы құқықбұзушылықтың статистикасын таныстырды. Ал, қонақтар өз салалары бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, жастардың мұндай жаман әрекеттерге бармауы үшін бос уақыттарын тиімді өткізулері маңызды екенін алға тартты.
Дөңгелек үстел барысында негізгі екі сұрақ бойынша әңгіме өрбіді: студенттер арасында құқық бұзушылықтың шығуы және оны шешу жолдары. Аталған тақырыпта студенттер тек оны талқылап қана қойған жоқ, сондай-ақ, келген спикерлер құқықтық сауаттылық, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыру маңызды екенін атап өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар берілген тақырыпта қызу пікір талас жүргізді. Заңға қайшы әрекеттердің шығуы оның алдын алу, болдырмау тұрғысында өз ойларын ортаға салып, кейбірі тіпті өз өмірлерінде кездескен сәттерін айтып, тығырықтан шығу жолдарын іздеді. Студенттердің барлығы дерлік талқыланған тақырыпқа қатысты үндемей қалмады. Сондықтанда болар, мәжілістің алдына қойылған мақсат-міндеттер іске асты.
Мубарам Гаитова,
Қаскелең Гуманитарлы-Техникалық колледжінің психологы.