Қарасайлық мемлекеттік қызметшілер спортпен тегін шұғылдану үшін қайда барады?

Primary tabs

Feb 01, 2019 / 0 comments

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметкерлер қанша ынта білдіргенімен де, артық жұмыс істей алмайды. Жүктеме өткен жылғы қыркүйектен бері 63 пайызға қысқарған. Оған автоматтандырылған уақытты қадағалау жүйесі себеп. Мұны жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро өкілдері брифингте мәлімдеді. Президенттің Жолдаудағы тапсырмасынан кейін бірқатар министрлік жұмысшыларын ерте босататын болған. Ол инвестиция, энергетика, қаржы, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым министрліктері. Ұлттық бюро мамандарының айтуынша, енді мемлекеттік қызметкерлердің тегін спорт залдарға баруға уақыттары бар.  

ҚР МҚІСЖҚК агентігі департамент  директорының міндетін атқарушы Мадина Наурызбектің берген мәліметіне сүйенсек, әр аймақтарда спортпен айналысу үшін арнайы уақыт берілген.

Қазір 20 мыңға жуық мемлекеттік қызметкерлер тегін спорт залдарына барады. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілер еңбек заңнамасына және жұмыс кестесіне сәйкес алдын-ала жазбаша келісімі бойынша үстеме жұмысқа тартылады. Үстеме жұмыс үшін өтемақы төленеді немесе демалыс уақыты, күндері беріледі, деді ол өз сөзінде.

Осыған орай, біз Қарасай ауданын мемлекеттік қызметшілері спортпен тегін шұғылдану үшін қайда баратынын білдік. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Қамзановтың айтуынша, Қаскелең қаласында қайта жаңғыртылып, былтыр ғана есігін айқара ашқан №1 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде саламатты өмір салтын қолдаушылар үшін барлық жағдай жасалған көрінеді. Сол себепті, ауданның мем-қызметшілері осында тегін дене жаттығуларын жасап, сүйікті спорттық ойындарын ойнай алады екен. Бір айта кетерлігі, мұнда қаскелеңдік жасөспірімдер де тегін барып, бос уақыттарын тиімді өткізуге құқылы.