Қарасай ауданындағы орташа жалақы мөлшері 145 мың теңге

Primary tabs

Feb 01, 2020 / 0 comments

Өткен жылы Қарасай ауданында 2 мыңнан астам адам жұмысқа орналасып, орташа жалақы мөлшері 145 мың болып белгіленді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. 

Бұл туралы ресми ақпаратты аудан әкімі Жандарбек Далабаев халық алдында есеп беру-кездесу жиынында халыққа жеткізді.

"...жұмысқа орналасуға 2811 адам өтініш білдірді, оның ішінде бүгінгі күнге 2258 адам жұмысқа орналастырылды. 3690 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Орташа еңбекақы – 145 мың 009 теңге мөлшерінде белгіленіп отыр. 2 0 1 8 ж ы л д ы ң 5 қ а з а н ы н д а ғ ы Е л б а с ы н ы ң «Қазақстандықтардың әл-

ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы еліміздің қоғамдық- с а я с и ө м і р і н д е г і м а ң ы з д ы оқиға. Жолдауда Мемлекет басшысы ел дамуының 6 басым бағытын айқындады. Олардың бірі халық табысының өсуі, ең төменгі жалақыны 1,5 есеге көбейту мақсатында қосымша республикалық бюджеттен 575 млн 743 мың теңге бөлініп, қазіргі таңға 2077 бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақылары өсті.