Қарасай ауданында тағы бір адам вирус жұқтырды

Primary tabs

May 21, 2020 / 0 comments

Алматы облысында бүгін коронавирус инфекциясымен ауырған 19 адам тіркелді. Вирусты жұқтыру Талдықорған қаласында - 12, Кеген ауданында – 4, Талғар ауданында - 2, Қарасай ауданында - 1 жағдай, - деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 адамның 16-сы белсенді түрде анықталды, 3-уі медициналық мекемеге жүгіну кезінде белгілі болды. ПТР-талдау нәтижелері бойынша барлығына COVID-19 диагнозы қойылды. Ауырған адамдар алдын ала оқшауландырылып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.
Олармен байланыста болған азаматтар да оқшау орналастырылып, коронавирустың бар-жоғын анықтауға зертханалық тексеруден өтуде. Эпидемиологиялық тексеру жалғасып жатыр.
Бүгінгі күні Алматы облысында инфекцияны жұқтырғандар саны 238-ге жетті.