Қарасай ауданында ірі көлемде ақша бопсалағандар ұсталды
Primary tabs
Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұзақ уақыт бойы жәбірленушіні қорқытып, одан ірі көлемде ақша бопсалап, бағалы заттарын алып келген Алматы облысының екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Kaskelenkz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған қылмыстық іс-әрекеттерді қаскүнемдер күш қолданамын деп жәбірленушіні қорқыту арқылы жасаған. Бастапқыда олар жәбірленушіні ломбардқа автокөлігін өткізуге мәжбүрлеген, ал кейін одан 300 000 теңге мен iPhone ұялы телефонын талап еткен.
Жас ер азаматтар тарапынан болған бопсалау деректері жәбірленуші полицияға жүгінгенге дейін жалғасқан.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының 30 және 31 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды.
Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Екі күдіктіде уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.Қазіргі таңда олар өз кінәларын толық мойындады.
Келтірілген шығын толығымен жәбірленушіге қайтарылды.