Қарасай ауданының оқушысы муайтай боксынан қола медаль иеленді

Primary tabs

Sep 09, 2021 / 0 comments

ТМД елдерінің ойындарында Қазақстан құрама командасы жарысқа қатысып жалпы есепте үшінші орын алды.

 

  Муайтай боксынан 51 кг салмақта, Қарасай ауданы, Жамбыл ауылы, Жамбыл мектебінің оқушысы Диана Пивцова қола медаль иегері атанды.

 

ТМД елдерінің ойындары Ресейде, Казань қаласында 4 қыркүйектен бастау алып 11 қыркүйекке дейін созылады. Қазақстан медаль саны бойынша 11 алтын, 26 күміс, 38 қола медальмен, үздік үштіктің қатарында тұр.

Бұл қуанышты жаңалықты Диана Пивцованың бапкері Баймухамбетов Бауыржан хабарлады.
Құттықтаймыз!