Қарағандыда тұрғындар тренинг өткізбек болған ЛГБТ өкілдеріне қарсы шықты
Primary tabs
8 шілдеде ЛГБТ қоғамдастығының өкілдері тренинг өткізу үшін Қарағандыға келген. Бұған наразылық танытқан қала тұрғындары жиын жоспарланған ғимараттың алдына жиналған. Қарағандылық полицейлердің жедел әрекеті жағдайдың шиеленісуіне жол бермеді деп хабарлайды Polisia.kz.
28 шілдеде ЛГБТ қоғамдастығының өкілдері тренинг өткізеді дегенді естіп, ашуға булыққан қала тұрғындары қозғалыс белсенділері жалға алған Қарағандыдағы Абай көшесі, 8-үй мекенжайындағы бизнес орталығы ғимаратының жанына жиналған. Олар жоспарланған шараны болдырмауды талап еткен.
Басылымның мәліметінше, оқиға резонанстық сипатқа ие болып, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударған. Жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін тәртіп сақшылары шеп құрып, келушілерді ғимараттан шығарып, қауіпсіз жерге шығарып салды. Қазіргі уақытта қозғалыс белсенділері Қарағанды облысынан кетіп қалған.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық блогер, QosLike жобасының қатысушысы Мерей Жолшы ЛГБТ жалауын өртеп, оның видеосын желіде жариялаған болатын. Ол тек ЛГБТ жалауын ғана емес, балаларға арналған ойыншық – попитті де өртеген.
"Лұт қауымымен жұт келді! Ер мен ердің, әйел мен әйелдің жұп болуы кез келген дінде жек көрілген амал. Аллаһтың лағынетіне ұшырағандарға біздің текті елде орын болмауы қажет. Себебі, қазақтың мықтылығы – тектілігінде", - дейді Мерей Жолшы.