Қаскелеңде коронавирус жұқтырған 7 адам жатыр
Primary tabs
Қазіргі таңда Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында коронавирус жұқтырған жеті адам жатыр, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"10 сәуір 2020 жағдай бойынша Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында коронавирус диагнозы анықталған 7 адам ем қабылдап жатыр. Денсаулықтары қанағаттанарлық. Дене қызуы бірқалыпты. Шағымдары жоқ." делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 10 сәуірде Қарасай ауданында коронавирус диагнозымен тіркелген алғашқы емделуші ауруханадан шықты. 20 наурыз күні коронавирус диагнозымен түскен азамат Қаскелең қалалық инфекциялық аурханасында толық ем алып, үйіне шығарылды. Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылының тұрғыны 1985 ж туған азамат 17 наурыз күні Меккеден Түркия мен Қырғызстан елдері арқылы Алматыға келген. Емделушіге 08.04.2020 ж. жасалынған қайта талдау нәтижесі теріс екенін көрсетті.
Пациентпен қарым-қатынас жасаған 2 азамат пен олардың отбасы шұғыл оқшауланып, дәрігерлер бақылауына алынған. Талдау қорытындысы теріс.