Қураған ағаш құлап, қауіп төндірді

Primary tabs

Mar 23, 2020 / 0 comments

Қаскелең қаласында жеке үйдің ауласында тұрған қураған ағаш құлап, электр сымдары мен газ трубаларын зақымдады, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Оқыс жағдай Бұлғақбаев пен Ағынтай батыр көшелерінің қиылысында орын алды. Жеке үйдің ауласындағы ағаш сыртқы факторлардың әсерінен опырылып құлаған. Қала әкімдігі тарапынан дер кезінде мамандар жұмылдырылып, құлаған ағаш кесіліп, аумақ тазаланды. Қала әкімі А.Мұқашевтің мәлімдеуінше, бұл мақсатта 5 бригада іске кіріскен. Электр тоғы мен газ жүйесі қалыпқа келтірілген. Қала әкімдігі тұрғындарды айналаның санитарлық тазалығы мен қауіпсіздік шараларына немқұрайды қарамауға шақырады.