"Қызыл аймаққа" кірген тағы бір қала

Primary tabs

Jan 24, 2021 / 0 comments

Бүгін Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері кафеге, мейрамхана мен жолаушылар тасымалы жұмысына өзгеріс енгізіп, қаулыға түзетулерге қол қойды деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.
Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артуына байланысты карантинді күшейтуге шешім қабылданған. Соңғы екі тәулікте өңірде вирус жұқтырудың жаңа 450 дерегі тіркелген.
Қаулыға енгізілген түзетулерде енді қалааралық, облысаралық және өңір ішіндегі автобус тасымалына тыйым салынатыны айтылған. Тек Ақсу-Павлодар бағытындағы қозғалысқа рұқсат етілген. Сонымен бірге кафелер мен мейрамханалар жұмысына да шектеу қойылды. Енді демалыс күндері аталған мекемелер клиент қабылдай алмайды. Тамақты жеткізіп беру қызметіне ғана рұқсат. Бұл шектеу шарасы сауда орталықтарындағы тамақтану орындарына да қатысты болмақ. Жаңа қаулы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі бір сағатқа ұзарды.