Қытайдағы белгісіз вирусты 139 адам жұқтырғаны белгілі болды

Primary tabs

Jan 22, 2020 / 0 comments

Қытай  қалаларында белгісіз вирус тарап жатыр, жексенбі күні 139 адам жұқтырғаны мәлім болды деп хабарлайды Қытай билігі. Пневмонияға ұқсас дертке шалдықтыратын вирустың қайдан шығып жатқаны белгісіз. 2002 жылы осыған ұқсас вирустан Қытай мен Гонконгте 600-ден астам адам өлген.
Вирустың қандай жолмен жұғатыны әзірге анықталмаған. Сарапшылардың сөзінше, вирус адамға жануарлардан жұғуы мүмкін, адамнан адамға жұғу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды. 19 қаңтарға дейін Ухань қаласында 198 адам ауырып, үш адам өлген. Тайландта бір, Жапонияда бір адамның вирус жұқтырғаны жайлы ақпарат тарады.
#Ұлыбритания сарапшыларының айтуынша, вирус жұқтырғандар ресми мәліметтегіден әлдеқайда көп болуы мүмкін.
18 қаңтардан бері АҚШ-тың Сан-Франциско, Лос-Анджлес және Нью-Йорк қалаларының әуежайлары Қытай орталығынан келетін әуе ресйтерінің жолаушыларын тексеруді бастады.