Құрбым банк картамнан 235 000 теңге ұрлады
Primary tabs
Алматы облысында жәбірленушінің құрбысы банк картасын ұрлап, одан барлық ақшаны ұрлап кеткен.
Ағымдағы жылдың 5 қазанында Қарасай АІІБ кезекші бөліміне Тұрар кентінің 59 жастағы тұрғыны банк картасының ұрланғаны және одан 235 000 теңгенің алынғаны туралы өтінішпен жүгінген.
Жәбірленушінің айтуынша, ұрлық бір күн бұрын, 4 қазанда қоғамдық моншада болған. Аталған факт ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде тәртіп сақшылары жәбірленушінің жерлесі және жақын құрбысы болған 38 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.
Ұсталған тұлға ұсынылған дәлелдемелердің ауырлығымен ұрлықты мойындады және құрбысы оған сенетінін түсіндірді, бұған дейін ол бірнеше рет картасынан банкоматтан ақша алуды тапсырған.
Ақшаның бары мен кодты біле отырып, ол жәбірленушінің сөмкесінен банк картасын ұрлап, одан ақшаны алған. Айел ақшаның қажеттілігі үшін ұрлыққа барған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.