ҰБТ 5 шілдеге дейін жалғасады

Primary tabs

Jun 21, 2020 / 0 comments

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ өткізу пунктінде болды. Ол талапкерлерді аудиторияларға кіргізу процесін бақылап, оларға сәттілік тіледі. Алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан.

 Бірінші күні тек 6 512 талапкер емтихан тапсырады. ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық нормаларға сәйкес барлық тестіленушілер дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтті. Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде тестіленушілер арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуы қамтамасыз етілді.

 Әрбір аудитория кезең-кезеңмен желдетіліп, өңделетін болады. Аудиториялар тек 35%-ға дейін толтырылған, әрқайсысында 10-18 адамнан. Биыл еліміз бойынша 131 755 адам ҰБТ тапсыруға ниет білдірген, оның 111 109-ы немесе 82% осы оқу жылының мектеп түлектері. Өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсыруға ниет білдірген түлектердің саны 12%-ға артып отыр.