Ұлы Жеңістің 75 жылдығын тойлау басталды

Primary tabs

Feb 10, 2020 / 0 comments

 ҚР Ұлттық ұланы әскери бөлімі Қаскелеңде «Біз - Жеңістің мұрагерлеріміз!» атты республикалық еске алу эстафетасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
 Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында республика көлемінде 5 ақпан мен 5 мамыр аралығында «Біз - Жеңістің мұрагерлеріміз!» атты эстафета өтпек. Игі шара Қарасай ауданына да келіп жетті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ардагерлер, ауданымыздағы барлық құқық қорғау және қорғаныс органдарының өкілдері, ауданымыздың құрметті әрі зиялы қауымы мен жастары қатысты. Сондай-ақ, Мәдениет үйінің фоесінде соғыс жылдарынан сыр шертетін суреттер және Бауыржан Момышұлының кітаптары қойылған көрме ұйымдастырылды. Бас қосуды концерттік бағдарлама түйіндеді.