Ұры қыз іздестірілуде
Primary tabs
19 желтоқсан күні Қаскелең қаласындағы сауда орындарының бірінде сатушының ұялы телефоны жоғалған. Іздеу барысында дүкен бейнекамераларының жазба қорында сақталған көрініс көпшіліктің таңданысын туғазыған. Себебі, мұнда жап-жақсы киінген көрікті бойжеткеннің сатушы үстеліне жақындап келіп, телефонды әдейі ұрлап алып, қалтасына салғаны анық көрінген.
Ұры қыз кім? Оны анықтау үшін зардап шегуші әлеуметтік желі арқылы бойжеткеннің суретін таратты. Қылмыскердің атын нақты атап, түсін түстейтіндер табылмағанымен, пікір қалдырушылар сұғанақ қолдың жымысқы әрекетін өткір сынға алды.
Біреулер қызды қатаң жазалауды ұсынса, екіншісі соңғы кезде ұрлыққа көбінесе қыздар баратынын алға тартып, оны алда келе жатқан меркелермен байланыстырды.