Әкімдер халықпен санаса ма

Primary tabs

Feb 20, 2020 / 0 comments

Бақытжан Сағынтаевтан бөлек бүгін бірнеше облыстың әкімдері де халық алдына шықты. Тіпті тағайындалғанына тоғыз-ақ күн болған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та әріптестерінен қалмайын деді ме, әйтеуір тұрғындармен кездесті. Бірақ бұл жиын жылдық есептен гөрі, жаңа әкімнің жұмыс жоспарына көбірек ұқсаған сияқты. Ал Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халық алдындағы есебінен соң Талдықорған қаласы әкімінің орынбасарын «Демагог» деп атап, жұмыстан шығаруға бұйрық берді.