Әкім апатты ағашты жойды

Primary tabs

May 30, 2019 / 0 comments

Таяуда ғана Қаскелең қаласындағы төле би көшесі бойындағы №5 үйдің тұрғындары Kaskelenkz  редакциясына хабарласып, аулаларында апатты жағдайдағы ағаштың өсіп тұрғанынан хабардар еткен. Жергілікті атқарушы органдарға барып мән-жайды жеткізудің орынына, тұрғындар бұл мәселені шешуге бізден көмек сұраған.

Өз кезегімізде, біздің тарапымыздан жағдайды бейнелейтін суреттерді инста-парақшамызға жариялап, қала әкімінің назарын аудардық.

Міне, кеше ғана, Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев тұрғындар өміріне қауіп төндірген ағаш кесілген фотоесепті редакциямызға жолдады. Өте жылдам әрі сапалы жұмыс үшін қала мэріне алғыс айтамыз.