Әскерилерге құрт, қымыз, шұбат пен түйе еті беріледі
Primary tabs
ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстары департаментінің бағыт аға офицері Руслан Тапашев, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әскери қызметкерлердің тамақтануын ары қарай жақсарту бағытында Қазақ тамақтану академиясымен бірлесе ұлттық дастарханның ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік нормаларын жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда әскерилердің тамақтануы рационына қосымша жылқы, қой, түйе, үйрек, қаз етін және түрлі балық еттерімен толықтыру жоспарланып отыр. Мұнымен қоса, құрт, қымыз, шұбат сияқты дәстүрлі тағамдар мен сусындарды енгізу қарастырылған. Осы арқылы тамақтану құрамын жақсартамыз», — деді Руслан Тапашев Орталық коммуникациялар қызметінде.