Әуежайға “Ashyq” жүйесі енгізілді
Primary tabs
:bangbang: 21 мамырдан бастап Алматы әуежайының терминалына “Ashyq” жүйесі арқылы кіргізеді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Сондай-ақ жақын күндері вокзалдарға да кіру үшін аталған жүйеде тексеруден өтуіңіз керек болады. Егер фитнес-орталыққа, әуежай, кафе және т.б. орындарға сізді кіргізетініне сенімсіз болған жағдайда, осы QR-ды пайдалана аласыз.
Жүйедегі түстер нені білдіреді:
:red_circle: қызыл - кіруге рұқсат жоқ;
сары - қолданушы ПТР деректер базасында вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адам ретретінде көрсетілгендіктен кейбір орындарға кіруге рұқсат жоқ;
:large_blue_circle: көк - ПТР анықтамасын көрсету міндетті болып табылатын орындарға ғана кіре алмайсыз, басқа жерлерге кіруге рұқсат;
жасыл - ешқандай шектеулер жоқ. Жақын уақытта вакцинаның екі құрамын толық алған қазақстандықтың бәрі осы “жасыл мәртебеге" ие болады.
:no_mobile_phones:Егер азаматтың смартфоны болмаса, мекеме қызметкері оның қандай “түске” жататынын ЖСН-ы арқылы тексере алады.