Өзбекстан коронавирус жұқтырған туристке 3 мың доллар төлемек

Primary tabs

Jun 20, 2020 / 0 comments

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзбекстан коронавирус пандемиясының салдарынан тұралап қалған туризм саласын жандандырудың амалын қарастырып жатыр. Ел президенті 19 маусымда тиісті қаулыға қол қойды. Бұл туралы «Өзбекстан 24» телеарнасының арнайы хабарында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік режимінің күшейтілген талаптарын қатаң сақтай отырып, туризм саласын дамытудың қосымша шаралары туралы» деп аталатын қаулы арқылы елде «Uzbekistan. Safe travel guaranteed» (Өзбекстан. Қауіпсіз саяхаттауға кепілдік) жүйесі енгізіледі.