Өңірде COVID-19 жұқтырудың 8 жаңа дерегі тіркелді

Primary tabs

Jun 15, 2020 / 0 comments

Алматы облысында коронавирус инфекциясының белгілерімен тағы 8 адам тіркелді, деп хабарлайды Kaskelenkz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жаңа деректердің 5-еуі - Талдықорған қаласында, 1-1-ден – Панфилов, Ұйғыр, Іле аудандарында анықталды.
1962, 1963, 1983, 1994 жылы туған әйел азаматтар мен 1949, 1971, 1981, 1984 жылғы ер адамдардың дене қызуы 38,5 С дейін көтеріліп, әлсіздікке, тамақ және буындарының ауырғанына шағымданған.

Ауру жұқтырғандардың барлығы эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша тестіленіп, жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Байланыста болғандар анықталып, карантинге алынды.
Эпидемиологялық тергеу жалғасуда.
Бүгінгі күні Алматы облысында коронавирус жұқтырудың 515 жағдайы анықталса, соның 316-сы жазылып шықты.