2021 жылы өмір сүруге ең қолайлы деп танылған 10 қаланы білесіз бе

Primary tabs

Jun 14, 2021 / 0 comments

2021 жылы өмір сүруге ең қолайлы 10 қала анықталды. Тізімді жыл сайынғы жаһандық рейтинг шеңберінде Economist Intelligence Unit (EIU) аналитикалық бөлімі жасады деп хабарлайды turizm.ru сайты. 

Рейтингте әлемнің әр түкпіріндегі 140 қала есепке алынып, Жаңа Зеландия мен Австралия қалалары көш бастады.

Бірінші орын Жаңа Зеландияның Оклендіне бұйырды, оның басты артықшылықтары - "COVID-19 пандемиясын болдырмау бойынша тиімді жұмыс істей білуі", білім сапасы және қоршаған ортаны қорғау.

Веллингтон - Жаңа Зеландиядан үздік ондықтың қатарына енген тағы бір қала. Одан бөлек, үздік ондықта Австралияның төрт қаласы бар: 3-орында Аделаида, 6-орында Перт, 8-орында Мельбурн және Брисбен.

Сонымен қатар, ТОП-10-да Швейцарияның Женева мен Цюрих қаласы және Жапонияның Осака мен Токио қалалары бар.

Пандемияға байланысты Еуропаның көптеген қаласы бұл жолы көш басынан көріне алмады. Мысалы, 2018 жылы бірінші болған Вена биыл 12-ші орында.

Ал ағылшын қалалары үздік 50-ден мүлде шығып қалған: Манчестер 54-ші, Лондон 60-шы орында. Рейтинг жасағанда бес санат бойынша тұрақтылық, денсаулық, мәдениет және қоршаған ортаны қорғау, білім және инфрақұрылым сынды 30 фактор есепке алынған. Бұл жолы медициналық мекемелер жұмысының тиімділігі және білім мен өнер саласындағы шектеу мәселесі де қаралған.

Айта кетейік, рейтингте соңғы 140-шы орынды Сирия астанасы Дамаск қаласы тұр. Сонымен 2021 жылы өмір сүруге ең қолайлы деп танылған 10 қала келесілер:

Осака, Жапония

Аделаида, Австралия 

Веллингтон, Жаңа Зеландия 

Перт, Австралия 

Цюрих, Швейцария 

Женева, Швейцария 

Мельбурн, Австралия 

Брисбен, Австралия