30-ға жуық адам Жанболат Мамайды босатуды талап етіп отыр

Primary tabs

Mar 16, 2022 / 0 comments

Алматы полиция департаменті ғимаратының жанына 30-ға жуық адам жиналды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Олар тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының жетекшісі Жанболат Мамайды босатуды талап етіп отыр.

 

Сағат 15:00-де тергеу соты Мамайға қатысты бұлтартпау шарасын шешуі керек болатын. Алайда Мамай «Қасақана жалған ақпарат тарату» (ҚР ҚК 274-бабы) ісі бойынша қорғау құқығымен куәгерден күдіктіге ауыстырылды.

 

Оған сонымен қатар мемлекеттік қызметкерді балағаттады деген айып тағылып отыр. Мамай 26 ақпанда ұсталған соң әкімшілік қамауға алынды. Оған 13 ақпандағы қаралы жиыннан кейін «бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу туралы заңды бұзды» деген айып тағылды.