42500 келесі айда да төленеді. Ол үшін қайта өтінім берудің қажеті жоқ

Primary tabs

Apr 27, 2020 / 0 comments

Президент 27 сәуірде халыққа жасаған мәлімдемесінде 42500 теңгелік жәрдемақы келесі айда да төленетінін айтты, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.  

"Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек береді. Қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқ. Төлем бұрын ұсынылған құжат бойынша жүзеге асырылады. Мұқтаж отбасылар азық-түлік ала береді" деді Қ.Тоқаев.

Бұдан бөлек мемлекет басшысы балалар үшін ойын алаңдары мен саяжайларды да назардан тыс қалдырмады.

"Оқшаулану кезінде ата-аналарға кішкентай балаларымен төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес. Мемлекеттік комиссия әкімдіктермен бірлесіп, аулаларды және ойын алаңдарын ашу мәселесін ойластыруға тиіс. Әрине, алдымен, барлық санитарлық нормалар мен санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы керек. Саяжай иелері де қатты алаңдап отыр. Өйткені, қазір көктемнің дәл ортасы, жұртқа қолайлы кезең. Мемлекеттік комиссия бұл мәселені қарастырды, енді оны шешу жолын айтады" деп айтты президент.