Kaskelenkz халыққа тегін маска таратты

Primary tabs

Mar 27, 2020 / 0 comments

Елде жарияланған төтенше жағдайдың тезірек аяқталуына қаскелеңдік көп балалы аналар да өз үлестерін қосуда, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. 

Бала күтіміне орай үйде отырған Әлия Аяғанова қолда бар материалын пайдаланып, 50 дана маска тіккен. Мұқтаж адамдарға ұсынуға мүмкіндігі болмағандықтан, тігінші редакциямызға хабарласып, қорғаушы бетперделерді таратуымызды өтінді. 

Журналистеріміз осы мақсатта тұрғындар көп шоғырланатын қоғамдық орындарға барды. Атап айтқанда Қазпошта ғимаратында кезекте отырғандарға тегін маска ұсынып, сақтықта қорлық болмайтынын ескертті. Сонымен қатар, шамадан тыс көп адам жиналған банк ғимаратының әкімшілігіне де қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін ескертті. Осында шоғырланып медициналық бетпердесіз жүргендерге маска таратты. 

Толығырақ видеодан көре аласыздар.