Келесі жылдан бастап кімдердің жалақысы 330 мың теңгеге дейін өспек

Primary tabs

May 26, 2021 / 0 comments

ОКҚ-ның онлайн-брифингі барысында ІІД әкімшілік полиция комитетінің басшысы Мұрат Баймұқашев келесі жылдан бастап Қазақстандағы учаскелік полиция қызметкерлерінің жалақысын өсіру жоспарланып отырғаны туралы мәлімдеді. Жалақыны 30% -ға көтеру жоспарлануда деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

«2019 жылы учаскелік полиция қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға көтерілді. 2020 жылдан бастап олардың көмекшілерінің жалақысы 30%-ға көтерілді. Бүгінде учаскелік полиция қызметкерлерінің жалақысы 177-ден 260 мың теңгеге дейін жетеді. Келесі жылдан бастап учаскелік полиция қызметкерлерінің жалақысы тағы 30 пайызға, ал олардың көмекшілерінің жалақысы 7 пайызға көтеріледі», — деді комитет басшысы.

Жалақы 30%-ға өскен жағдайда учаскелік офицерлер айына 230 мыңнан 338 мың теңгеге дейін алатын болады. Баймұқашев сонымен қатар учаскелік полиция қызметкерлері мен олардың көмекшілеріне тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төленетінін қосты.

«2021 жылдың 1 сәуірінен бастап олар осы тұрғын үй төлемдерін тұрғын үйді сатып алу үшін — бөліп төлеу немесе ипотекалық несие алу арқылы пайдалана алады», — деді спикер.