Қазақстан халқының саны 19 млн адамға жетті
Primary tabs
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында Қазақстан халқының саны 19 млн адамға жетті -, деп хабарлады. Қазақстанның 19 миллионыншы азаматы Алматы облысының тұрғыны Жәния Азаматқызы болды. Мемлекет басшысы сәбидің ата-анасын және барлық қазақстандықтарды осы оқиғамен құттықтады.