Полицейлер ұстаған екі "жеңгетайдың" бірі Қарасай ауданынан болып шықты
Primary tabs
	
		
	
	 
	
- 
Алматы облысының тәртіп сақшылары жүргізген арнайы іс-шара барысында белгілі төлем үшін қалталы азаматтарға қызмет көрсететін жеңіл жүрісті әйелдерге «жеңгетайлық» көмек берген екі азаматша ұсталды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  
 
 
 
- 
Заңсыз әрекетке ықпал еткен Талдықорған қаласындағы бір қонақ үйдің әкімшісі мен Қарасай ауданындағы сауна әкімшісіне қылмыстық өндіріс қозғалды. «Арнайы іс-шара барысында 50 және 38 жастағы екі азаматша адам саудасына қатысы бар деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, «жеңіл жүріске» түскен Қырғызстан азаматшасын Қазақстан Республикасының аумағында жүру ережесін бұзғаны және құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту және ел аумағынан шығару мәселесі қарастырылуда. Шетел азаматшасы қабылдағыш-реттегіш мекемеге орналастырылды»,- деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі. 
 Өз кезегінде тәртіп сақшылары адам саудасы мен олардың құқығын шектеуге қатысты заң бұзушылықтармен күрес үнемі жүретінін жеткізді. Облыс тұрғындарын кез-келген дерек орын алған жағдайда полицияға хабыр беруге шақырды.