Қаскелеңдіктер де Арысқа қол ұшын созуда

Primary tabs

Jun 27, 2019 / 0 comments

Жетісулықтар да арыс халқына жәрдем беруде. Амандық Баталовтың тапсырмасымен, өңірден жиналған алғашқы​ гуманитарлық ​ көмектің ​ 8 жүк машинасынан құралған арнайы керуен ​ Түркістан облысына аттанды. ​ Жалпы құны 60 миллион теңгені құраған керуенге негізінен құрылыс заттары, азық-түлік және киім-кешек жүктелді.

Белгілі болғандай, Алматы облысында ​ Арыс қаласында зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында 23 арнайы​ ​ көмек қабылдау пункті ашылған. Ол жерлерде өңірдегі жиырмаға жуық ірі компания,​ мемлекеттік мекемелер, ​ мемлекеттік емес ұйымдар, ​ кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары, тұрғындар жан-жақты шамаларына қарай қажетті заттарды әкеліп тапсырған.​

Қаскелең қаласы, Абылайхан 139, мекенжайында орналасқан Kaskelenkz редакциясында да заттай көмек қабылданатынын естеріңізге саламыз. Олар сенімді жолмен зардап шеккендерге жеткізіледі. Екі күннен бері қаскелеңдіктер барынша ат салысып, осында азық-түлік пен киім-кешектен сәлемдемелерін әкеліп тапсыруда.