Тұңғыш рет стартап жобалардың венчурлық жәрмеңкесі өтті
Primary tabs
Алматыда тұңғыш рет YEDI Йорк кәсіпкерлікті дамыту институтының жетекші бизнес-тренерлері кәсіпкерліктің тетіктері жайлы кеңестерімен бөлісті. Қазақстанда YEDI халықаралық стартап бағдарламасының іске қосылуы Сулейман Демирел атындағы университеттің канадалық бизнес акселератормен стратегиялық серіктестігінің нәтижесінде тұңғыш рет жүзеге асырылып отыр. Канадалық бизнес-акселератор Орталық Азия елдерінің нарығына алғаш рет қадам жасап отыр.
Қарқынды халықаралық бағдарлама аясында Орталық Азия елдерінің 20-ға жуық шағын және орта кәсіп өкілдері білім алды, атап айтқанда: Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Ресей және Иран мемлекеттінің кәсіпкерлері. Бағдарлама қатысушылары менторлық, оқыту және сараптамалық қолдау арқылы Канадада бизнес жүргізу мүмкіндіктері, сондай - ақ Солтүстік Америка нарығындағы өз бизнес жобаларын дамыту және нығайту бойынша тәжірибелік құралдар туралы
кешенді ақпарат алды, - деп атап өтті СДУ Президенті Мейірбек Мәжитов.
Қарқынды курс аяқталғаннан соң венчурлік жәрмеңке аясында кәсіпкерлер өз стартап жобаларын таныстырып, канадалық бизнес акселератордан жан-жақты қолдау алды. YEDI сарапшыларының назарына бизнестің түрлі сегменттеріндегі жобалар ұсынылды, атап айтқанда: құрылыс, қызмет көрсету саласы, білім беру саласы, тұрмыстық химия өндірісі, электрондық коммерция және т.б. Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша барлық ұсынылған жобалар сарапшылардың жоғары бағасына ие болды және одан әрі жүзеге асырылу үшін Канадаға жолдама алды. Оларың қатарында отандық кәсіпкерлер – Тимур Азаматов пен Сейіт Артығалиннің жобалары да бар.
Тәжірибе алмасу мақсатында, келесі кезеңде барлық кәсіпкерлер Канадаға жол тартады, онда бизнес акселератордың қолдауымен жергілікті нарықты зерттеу,
кәсіпкерлікті ілгерілету технологиясы және Канаданың ірі индустриялық компанияларының қызметімен танысу, сондай-ақ стартап виза алу мүмкіндігіне ие болады, - деп түйіндеді канадалық бизнес акселератор басшысы Марат Рессин.