Ауыл әйелдері грант ұтып алады

Primary tabs

Jul 25, 2019 / 0 comments

Ауылдағы қыз-келіншектердің де үй шаруасында отырып қалмай, өз істерін дөңгелетіп әкетуге мүмкіндік бар, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Бұл мүмкіндікті «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлерді қолдау палатасының ұйытқы болуымен, «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры ұсынып отыр. 18 шілдеде Қаскелең қаласындағы бизнес-клуб жиынжайында ұйымдастырылған семинар барысында осы мәселелер кеңінен талқыланды. Аталған қоғамдық қордың үйлестірушілері Майра Джалимбетова мен Ғалия Ерболатованың айтуынша,  «Coca-Cola Белестерi» жобасы бүкіл Қазақстандағы әйелдерге бизнес-тренингтерге қатысу, қаржылық білім мен дағдылар алу, пікірлестер мен тәлімгерлер тарапынан кеңес алу, сондай-ақ алғашқы қаржылық қолдау алу мүмкіндіктерін ұсыну арқылы бизнеске тартуға бағытталған. 2012 жылдан бастап жүзеге аса бастаған жоба аясында бүгінде Алматы облысы көлемінде 51 әйел өз кәсібін ашқан.

 «Coca-Cola Белестерi» жобасы екі кезеңнен тұрады. http://www.ccb.kz/ сайтына 10 қркүйекке дейін тіркеліп, өзінің бизнесжоспарын жолдаған қыз-келіншектердің 4000 доллар көлемінде грант ұтып алуы әбден мүмкін.

Сондықтан семинарға қатысқан нәзік жандылар осындай шаралардың пайдасы зор екенін алға тартады.

Осындай басқосулар алдағы уақытта облыс көлемінде, бірқатар қалалар мен ауылдарда өтеді деп жоспарлануда.