Мемлекет тарапынан 42500 теңге кімге, қалай беріледі?

Primary tabs

Apr 02, 2020 / 0 comments

 Бұл қаражат төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға беріледі. Құжат жинап, ештеңені дәлелдемейсіз. Telegram бот арқылы МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алуға өтініш жасау үшін:

1. Өтініш беруші Telegram-ға кіріп, «EgovKzBot2.0» іздеу;

2. «Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлеу» қызметін таңдау;
3. Өтінішті қалыптастыру үшін қажетті деректерді толтырып, өз деректерін көрсету. Деректерді жіберу.
4. Өтініш «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне келіп түскен соң 1 күн ішінде деректер тексеруден өтеді (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтініштері тексеруден өтпейді);
5. Ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтінішті өңдеу үшін «Е-Макет» ақпараттық жүйесіне 1 күн ішінде түседі;
6. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жәрдемақы тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға өтініш жібереді;
7. Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап жіберіледі


Кімдер өтініш бере алады?!
✅Жалдамалы қызметкерлер – орта және шағын кәсіпорындарда ақысыз демалысқа жіберілген жұмысшылар.
✅Жеке тұлғалар, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар.
✅Жеке практикамен айналысып жүргендер. Яғни, жеке адвокаттар, сот орындаушылар, нотариустар.

Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов: «Ең бірінші, Сізден мәліметтеріңізді дұрыс толтыруды сұраймыз. Бар болғаны үш баған: аты-жөні, ЖСН және карта шоты. Дос, таныс емес, өзіңіздің жеке шотыңызды көрсету керек! Өйткені әлеуметтік төлемді тағайындауда сіздің тегіңіз карточка иесімен салыстырылатын болады», – деп атап өтті.