Экс-әйеліне маза бермеген ер адам қоғамдық жұмысқа тартылды
Primary tabs
Өскемен тұрғыны бұрынғы әйеліне маза бермегені үшін 300 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды деп хабарлайды ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Kaskelenkz тілшісі..
Ер адам түннің бір ортасында мас күйінде бұрынғы әйелінің үйіне барған. Әйел анасы және сіңлілерімен бірге тұрады екен. Қала тұрғыны бұрынғы зайыбымен сөйлескісі келіпті, алайды ол бас тартып, тіпті көшеге де шықпаған.
Ашуланған ер адам терезені сындырып, үйге кірген. Әйел полицияға телефон шалды. Осылайша ер адам үйге заңсыз кіргені үшін 300 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Қазір ол қоғамдық орындарда қоқыс пен қар тазалап жүр.
"Күн сайын төрт сағаттан қоқыс жинайды. Сотталушының жүріс-тұрысы мен жұмысты орындауы біздің үнемі бақылауымызда", - деді ШҚО бойынша ҚАЖД Сол жағалау ауданы пробация қызметінің қызметкері, әділет майоры Серік Бекбұлданов.