Бақытжан Сағынтаевтан бөлек бүгін бірнеше облыстың әкімдері де халық алдына шықты. Тіпті тағайындалғанына тоғыз-ақ күн болған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та әріптестерінен қалмайын деді ме, әйтеуір тұрғындармен кездесті. Бірақ бұл жиын жылдық есептен гөрі, жаңа әкімнің жұмыс жоспарына көбірек ұқсаған сияқты.