Түркістан облысында карантин талаптарын бұзып, қыз ұзату тойын жасаған екі бірдей тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Дереккөз мәліметінше, Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет жасауларын жалғастырып жатыр. Яғни күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстарды жүргізіп, адам көп жиналатын бас қосулар, той-жиындар, іс-шараларды өткізуге тыйым салып, қауіпсіздік шараларын қадағалап жатыр.