Қазақстанда жанармайды үнемдейтін құрылғы ойлап табылды
Primary tabs
Қазақстандық азамат жанармайды үнемдеп, көлікке күш беретін құрылғыны жасап шығаршы, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі BAQ.kz ақпаратық порталына сілтеме жасап.
Құрылғының артықшылығы – көліктен түтін шығуын азайтады, жанармайды 20%-ға үнемдейді, көлікке күш береді. Бұл құрылғының авторы – Шоқан есімді азамат. Оның пікірінше, бұл құрылғыны жарыққа шығару үшін бірнеше жыл қызмет еткен.
"Құрылғының алғашқы түрі 2016 жылы жарыққа шықты. Құрылғы импульсті генератор. Көліктің электр жүйесіне орнатылады. Ол көліктің қозғалтқышына генератордың түсіретін жүктемесін азайтады. Генератор күшін күшейтіп, моторға жүктемесін азайтамыз. Артылған күш дөңгелекке барып,көлігіңіз белсенді, жылдам жүретін болады", - дейді ол.
Сондай-ақ құрылғы бірнеше жыл бойы сыналып, бүгінге дейін әріптестерімізбен 12 түрін жасадық дейді өнертапқыш.
"Бұл құрылғы біріншіден жанармайды үнемдейді және көлікке күш береді. Бұл Алматы секілді таулы жерлерге өте ыңғайлы. Көлігіңізге қатты күш салмағандықтан, оның сізге қызмет етер уақытын да ұзартады", - дейді өнертапқыш.
Оның айтуынша, құрылғы жанармаймен жүретін жеңіл көліктерге арналған. Бастысы, құрылғыны дұрыс орнату керек.
"Құрылғы көптеген көлік түріне арналған. Тек құрылғыны орнатқанда ықтияттылық таныту керек. Және жеңіл көлікке арналған құрылғыны жүк көліктеріне салуға болмайды. Әзірге тоқпен жүретін көліктерді сынамадық", – дейді ол.