Алматы облысында сирек кездесетін сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалды
Primary tabs
Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы видеоны ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook-те жариялады. «Достар, біздің ел ерекше жануарларға бай. Солардың бірі - сібір тау ешкісі. Бұл керемет тұяқтылар Жоңғар Алатау ұлттық паркінде камераға түсіп», - деп жазды ол.
Оның айтуынша, 2020 жылы парк аумағында таутекелерге санақ жүргізілген. Нәтижесінде олардың саны - 1596 бас. Текесінің семсер тәрізді, көлденең бунақты, ұзындығы 140 см-дей мүйізі болады, ешкісінің мүйізі 40 см-дей. «Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде фото-тұзақтар құру арқылы таутекелердің таралу аумағына, маусымдық құбылыстарына тұрақты бақылаулар жүргізіледі», - деп жазды Самал Ибраева.