Қазақстанда бензин тағы да қымбаттады

Primary tabs

Мамыр 01, 2021 / 0 комментарии

Қазақстанда соңғы бірнеше күнде жанармай бағасы орташа алғанда тағы 5-10 теңгеге қымбаттады.

Танымал жанармай құю бекеттерінің ресми сайтындағы деректерге сүйенсек, Нұр-Сұлтанда АИ-92 литрі 168-173 теңге аралығында, АИ-95 188 теңгеден 197 теңгеге дейін сатылуда. Ал АИ-98 186-220 теңге аралығында сатылып жатыр.

Алматыда АИ-92 165-171 теңгеден сатылып жатыр. АИ-95 187-200 теңге аралығында, ал АИ-98 191-230 теңге аралығында сатылуда.

Шымкенте АИ-92 166-175 теңгеден, АИ-95 186-199 теңгеден, АИ-98 189-205 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал еліміздің басқа қалаларында АИ-92 литрі 175 теңгеден асады. АИ-92 185-200 теңге аралығында, АИ-98 175-205 теңге аралығында сатылуда. Еске сала кетсек, елімізде бензин бағасы күрт өскен болатын. Ең көп сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиннің литрі 200 теңгеге бір-ақ көтерілген еді. 

Сарапшылардың пікірінше, бұл процесс баға мәселелерінің өзгеруімен байланысты. Сонымен бірге, еліміздің Энергетика министрлігі еліміздің ішкі нарығында ЖҚС-та бензиндердің бөлшек сауда бағасының өсуі байқалатынын растаған болатын. Алайда, ведомство мұнай өнімдеріне бағаны мемлекет емес, нарық реттейтінін атап өтті. Министрліктің мәліметінше, бензин бағасының күрт өсуне екі фактор әсер еткен.