Ақмола облысында жас келіншек қайын ағасын пышақтап тастады
Primary tabs
Ақмолада қайын ағасына пышақ жарақатын салған әйел ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 13 мамырда сағат 17:12-де Аршалы ауданының ПБ кезекші бөліміне фельдшерден Жібек Жолы ауылында пышақ жарақаты келтірілгені туралы телефон хабарламасы келіп түскен. 46 жастағы ер адам Нұр-Сұлтан қаласының ауруханасына “тоқ ішектің пышақ жарақаты” диагнозымен жеткізілген. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары зардап шеккен адамның мүгедек екенін, “ақыл-ой кемістігі” диагнозымен есепте тұрғанын анықтады.
Мән-жайларды анықтау барысында зардап шеккен адамға інісінің 24 жастағы әйелі дене жарақатын салғаны анықталды. Әйел өз кінәсін мойындады, бәрі жанжал кезінде болғанын айтты. Аталған факті бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.