Байқоңырда белгісіз біреулер ғарыш кемесіне граффити салып кетті

Primary tabs

Мамыр 27, 2021 / 0 комментарии

 

Байқоңыр ғарыш айлағының монтаждау-жанармай құю кешеніне вандалдар кіріп, әлі жасалып бітпеген "Боран" ғарыш кемесіне граффити салып кетті,- деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Олар кемеге "Жақсылық", "Юра, біз келдік", "Жұлдыздарға ұшпас бұрын адам жерде өмір сүріп үйренуі керек" деп жазып кеткен. Сонымен қатар, "Боранға" төрт адамның қолтаңбасы қойылған - граффити авторларынікі болу керек.

Осы оқиғадан кейін "Роскосмос" баспасөз қызметі Ресей екі жақты үкіметаралық комиссияның келесі отырысында Байқоңырдағы нысандарды сақтау мәселесін көтеретінін айтты.

"90-шы жылдардың басынан бері пайдаланылмай келе жатқан Байқоңыр ғарыш айлағының нысанына белгісіз адамдардың кіруіне байланысты Ресей тарапы Байқоңыр бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының таяудағы отырысына бірегей нысандарды сақтау мәселесін шығарады", - деді баспасөз қызметі өкілдері.