ҰлҰлыбритания Қытайда COVID-19-дың неден шыққанын зерттеуді қолдады
Primary tabs
Ұлыбритания бастапқыда SARS-CoV-2 Қытайдың Ухань қаласындағы зертханадан таралған болуы мүмкін деген теорияны елемеген болатын. Америкалық барлау қызметінің мәлімдемелерінен кейін аталған ел өз пікірін өзгертті деп хабарлайды Fox News.
Лондон газеттерінің бірінде британиялық барлау өкілдерінің жасырын мәлімдемелері жарияланды. Олар бастапқыда вирус Ухань вирусология институтынан таралып кетуі мүмкін деген теорияға күмәнданғанын, бірақ жақында өз ойларын өзгерткендерін айтады. Енді олар Америка Құрама Штаттарымен бірге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арқылы вирустың Қытайда пайда болуын мұқият тексертуге қол жеткізбек.
"Бізді түрлі жолға апаратын дәлелдер болуы мүмкін. Қытайлықтар бәрібір өтірік айтатын болады. Менің ойымша, біз ешқашан біле алмаймыз", - деп Британдық барлау қызметкерінің сөзін басылым келтірді.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан тәуелсіз сарапшылар тобы тергеу жүргізу үшін Уханьға жіберілген болатын. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде мамандар коронавирустың зертханадан шығуы "екіталай" деген тоқтамға келген. Бұл мәлімдеме Америка үкіметінің ашуын туғызады. Бұған дейін Байден вирустың Қытайдан шыққан жерін қайта тергеуге шақырған еді. Вашингтондық әкімшілік коронавирустың қолдан жасалуына кінәлілерді де тапқан секілді. Байденнің бұйрығы бойынша америкалық арнайы қызмет вирустың Қытайда әзірленуі бойынша нұсқаны тергеп-тексеретін болады.