Еуропа цифрлық сертификаты бар туристерге есігін айқара ашпақ
Primary tabs
Цифрлық сертификаты бар туристерге Еуропаға кіруге мүмкіндік берілмек. Ол үшін қолыңызда Еуроодақтың COVID-19 цифрлық сертификаты болуы қажет деп хабарлайды CNN.
COVID-19 цифрлық сертификатын Еуроодаққа мүше емес елдерің, соның ішінде АҚШ-тан және басқа елдерден келген туристер ала алады. Ол үшін саяхатшыларда коронавирустың теріс нәтижесі көрсетілген ПТР сынама немесе коронавирустан айыққанын дәлелдейтін анықтама немесе екпе алғанын дәлелдейтін құжат болу керек.
"Егер сіз қазіргі уақытта Еуроодақта тұрмайтын америкалық болсаңыз, сертификатты ала аласыз. Ол үшін жақында COVID-19-ға тапсырған ПТР тесттің теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе вакцина алғаныңызды дәлелдейтін құжатты көрсету керек", - дейді дереккөз.
Айта кетейік, сейсенбі күні Еуроодақ комиссиясы баспасөз хабарламасын таратып, Еуропаның жеті елі - Болгария, Чехия, Дания, Германия, Греция, Хорватия және Польша - Еуроодақ ішінде саяхаттау үшін COVID-19 сандық сертификаттарын бере бастағанын хабарлады.
Бұл ереже 1 шілдеден бастап толықтай енгізілмек. Айта кетейік, бұған дейін Түркияға саяхаттап баратын Қазақстан азаматтары үшін кіру ережесі өзгергенін хабарланған еді. Енді соңғы алты ай ішінде коронавирустан жазылған және кемінде 14 күн бұрын екпе салдырған қазақстандық азаматтардан түрік елі ПТР сынамасын талап етпейді. Екі топтағы азаматтар да мұны медициналық мекемелерден алынған анықтамамен немесе вакцинация куәлігімен дәлелдеуі керек.